Мақсаты мен қамту аясы
Qainar Journal of Social Science – бұл гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы кең ауқымды мәселелерге арналған түпнұсқалық зерттеулер мен шолулық мақалаларды жариялайтын қосарланған соқыр рецензиядан өтетін ғылыми журнал.
Журнал тұжырымдамасының негізінде жатқан үш негізгі бағыт "қоғам", "адам" және "әлеуметтік даму" оның миссиясы мен көзқарасының өзегін құрайды.
Журналдың мақсатты аудиториясы – ғылыми зерттеушілер, салалық мамандар, докторанттар, магистранттар және Қазақстан мен шетелден келген басқа да авторлар, олардың зерттеу тақырыптары журналдың бағытымен сәйкес келеді.
Qainar Journal of Social Science журналының мақсаты – әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік экономика, білім беру, әлеуметтік саясат және қоғамның тұрақты дамуы салаларындағы түпнұсқалық әрі өзекті зерттеулерді жариялауға арналған халықаралық ғылыми алаң құру.
Журналда қарастырылатын негізгі тақырыптар:
- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
- әлеуметтік экономикаа;
- демография, адами ресурстар және еңбек нарығы;
- әлеуметтік саясат және өмір сапасы;
- гендер және әлеуметтік инклюзия;
- қазіргі қоғамдағы мәдени және коммуникациялық үдерістер;
- тұрақты даму және әлеуметтік инновациялар;
- әлеуметтік институттарды басқару және трансформациялау.
Журнал ғылыми мақалаларды үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялайды және жылына 4 рет шығады. Мақалалар 1-ші нөмір – 10 қаңтарға дейін, 2 -ші нөмір – 10 сәуірге дейін, 3-ші нөмір – 10 шілдеге дейін, 4-ші нөмір – 10 қазанға дейін қабылданады.
Журнал "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" РММ тіркелген. 2024 жылғы 26 қаңтардағы No. KZ81VPY00086162 мерзімді баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлік.
Индекстеу:











